• Басты
  • Жаңалықтар
  • Теміржол желісінің инновациялық-технологиялық дамуы жоспар бойынша жүзеге асырылуда – ҚТЖ

Теміржол желісінің инновациялық-технологиялық дамуы жоспар бойынша жүзеге асырылуда – ҚТЖ

20 Қазан, 2014 09:19
«ҚТЖ»ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының 2013-2018 жылдарға арналған Инновациялық-технологиялық даму стратегиясында көзделген бес жоба жоспарлы түрде жүзеге асырылуда, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

2013-2018 жылдар аралығында ескірген СП-6 түріндегі бағыттауыш бұрмалардың  электржетектерін жаңғырту  және ауыстыру жұмыстары. Отандық «КазЭлектроПривод» БМ ЖШС өндірген  Р-80 түріндегі 10 000 дана заманауи электржетегін  жеткізу  жоспарланған. Жоба  жүзеге асырыла  бастағалы бері 2 160 электржетегі  ауыстырылған болса, 2014 жылы  740 бірлік электржетек ауыстырылды.

2012-2014 жылдарға  33 000 диодты  шамдардың түрлерін   жеткізу көзделген. 2013 жылы және 2014 жылдың басынан бері 6 780 ескірген линзалық жиынтық диодты  шамдармен ауыстырылған.

«Oliver Wyman Incorporated» компаниясының ұсыныстарына сәйкес жол шаруашылығын басқарудың жаңа әдісі енгізілді.

«Бүгінгі күні жол дистанцияларын біріктіру негізінде «ҚТЖ»ҰК» АҚ филиалы – Ірілендірілген  жол дистанциялары  құрылды: Сарыағаш, Екібастұз, Арыс, Көкшетау, Астана, Атбаср, Павлодар, Қарағанды, Ақадыр, Ақтоғай, Алматы, Шу, Жамбыл, Қызылорда, қазалы, Қандыағаш, Атырау, Есіл.  Атлағна әдісті қолданысқа  енгізу нәтижесінде  жұмыс өнімділігін  2015 жылға дейін  2% арттыру  көзделген», - делінген хабарламада.

Астана, Қырқыншы, Қарағанды-сұрыптау, Қарабас, Шоқай, Босаға, Шу 
«Siemens AG» компаниясымен бірлесе  құрылған  «Temirzhol Electrification» БК ЖШС  станцияларындағы жеті  тартымдық  кіші станциялардың   ОРУ -110 кВ  жабдығын жаңарту жұмыстарын аяқтады. Ағымдағы жылдың соңына  дейін жеті  тартымдық кіші  станциялардағы  ОРУ-27,5, 35, 10кВ жабдықтарын  негізгі  күштік жабдыққа  ауыстыру жұмыстарын аяқтау  жоспарланған.  

2012-2017 жылдары отын-энергетикалық  қорлардың шығынын азайту көзделген.177 теміржол станцияларының  срытқы  жарықтандыру  жабдықтарын  диодты  шамдармен ауыстыру  көзделген.  Соның ішінде  2014 жылы 44 станциядағы жабдықтарды  ауыстыру  үшін ЕҚДБ қарыз алынған.

Барлық жаңалықтар