Қызылордада 130 отбасы қоныс тойын тойлауда(ФОТО)

19 Қазан, 2014 12:32
Қала күні қарсаңында Қызылордада 3 түрғын үй пайдалануға беріліп, 130 отбасы баспаналы болды, деп облыс әкімдігінен хабарлады.

Қоныс тойын тойлаушылардың қатарында – көп балалы және жас отбасылар, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен әлеуметтік  жағдайы төмен ауылдық жерлерден көшіп келген отбасылар және жетімдер бар.

Қуаныш иелерін облыс әкімі Қ.Көшербаев құттықтап, пәтер кілттерін табыс етті.

««Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы аясында  биыл Қызылорда қаласында барлығы 22 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 750 отбасы баспаналы болады. Елбасының салиқалы саясатының арқасында баспана мәселесін шешіп жатырмыз», - деді Қ.Көшербаев.

Барлық жаңалықтар