- Басты
- Жаңалықтар
- Көптеген елдер қаражаттарын Қазақстанға салуға ұмтылады, ол экономиканың дамуын ынталандырады – Назарбаев
Көптеген елдер қаражаттарын Қазақстанға салуға ұмтылады, ол экономиканың дамуын ынталандырады – Назарбаев
Қазақстан Президенті әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың салдары халықаралық нарықтарға, соның ішінде біздің елімізге де әлі теріс ықпал етіп отырғанын айтты. Бұл орайда Нұрсұлтан Назарбаев соңғы айда болған сапарлар түрлі мемлекеттермен арадағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталғанын, бұлар Қазақстанның іскерлік байланыстарын нығайтуға және экономикасын әрі қарай дамытуға оң ықпал ететінін атап өтті.
«Мемлекет басшысы Брюссельде қол қойылған ҚР мен ЕО-ның кеңейтілген серіктестігі мен ынтымақтастығы туралы келісімнің жобасы бойынша алты жыл бойы жүргізілген келіссөздердің аяқталғандығы жөніндегі құжаттың маңыздылығына назар аударды. Сондай-ақ Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі аясында Еуропалық одақпен екіжақты келіссөздерінің аяқталғандығы туралы құжат та айрықша мәнге ие», - делінген хабарламада.
Қазақстан Президенті еліміздің ЕО мемлекеттерімен тауар айналымы 53 миллиард долларды құрайтынын және аталған келісім тараптардың арасындағы өзара іс-қимылды бұдан да қарқынды ету үшін мүмкіндіктер тудыратынын айтты. Бұл қосымша инвестициялар тартуға мүмкіндік береді және ел экономикасына оң әсер етеді.
Миландағы саммитке тоқталған Нұрсұлтан Назарбаев оның тұжырымдамасы негізгі тармақтарының бірі Еуропа мен Азияның арасындағы тығыз сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамыту болып саналатын «Еуразиялық идеямен» үндес екендігін атап өтті.
Мемлекет басшысы 50-ден астам елдің мемлекет және үкімет басшылары қатысқан салиқалы шараға Орталық Азия елдерінің ішінен тек Қазақстанның ғана шақырылғанын айтты.
Қазақстан Президенті мұндай форумдар өзге мемлекеттердің басшыларымен өзекті мәселелер бойынша пікір алмасуға мүмкіндік беретіндігіне тоқталды. Атап айтқанда, саммит жұмысының бір жарым күні ішінде Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания, Жапония, Германия, Қытай, Оңтүстік Корея, Венгрия, Италия және Нидерланд көшбасшыларымен кездесулер өткізді.
Мемлекет басшысы хабарлағандай, олармен өткен келіссөздер ынтымақтастық аясын одан әрі кеңейтуге және тереңдетуге, сондай-ақ өзара іс-қимылды дамытудың жаңа бағыттарын анықтауға бағытталды.
«Бұл кездесулер еліміздің әлемдік аренадағы беделін көтереді, жаһандық экономикадағы күрделі ахуал жағдайында Қазақстанға инвестиция тарту мүмкіндіктерін кеңейтеді, сондай-ақ республикамызға деген оң көзқарас қалыптастырады. Көптеген елдер қаражаттарын Қазақстанға салуға ұмтылады, ол экономиканың дамуын ынталандырып, жаңа жұмыс орындарының ашылуы мен халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға септігін тигізеді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді