• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматы облысында «Алматы-Байсерке-Талғар» магистралды газ құбыры іске қосылды (ФОТО)

Алматы облысында «Алматы-Байсерке-Талғар» магистралды газ құбыры іске қосылды (ФОТО)

18 Қазан, 2014 15:19
Алматы облысында «Алматы-Байсерке-Талғар» магистралды газ құбырының алғашқы алауы жағылды, деп облыс әкімдігінен хабарлады.

Аталып өткендей, алауды салтанатты шарада Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры Серік Сұлтанғали, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Әлихан Тойбаев пен Николай Логутов жақты.

«Бұл жоба Елбасы Жолдауының міндеттерін жүзеге асыру аясында және Алматы облысын газдандыру өңірлік бағдарламасының шеңберінде жүзеге асырылды. Осы жоба арқылы жылына 380 мыңға жуық халқы бар 60-тан астам елді мекенді көгілдір отынмен қамтуға мүмкіндік бар. Және болашақта облыстағы 600 мыңнан астам адамға табиғи газдың игілігін көруге жағдай жасалады.  Жыл соңына дейін Талғар қаласы, Өтеген батыр кенті, Байсерке, Покровка, тағы басқа ауылдарға газ жеткізу жоспарланған. Алдағы уақытта «Алматы-Байсерке-Талғар» магистарлды газ құбырының аяқталуы, «Алматы-Талдықорған» газ құбыры мен өңірдің оңтүстік аудандарын газбен қамту арқылы облыстағы газдандыру деңгейі 80 пайызға дейін жеткізілетін болады», - деді облыс әкімі Амандық Баталов.

Естеріңізге сала кетейік, «Алматы-Байсерке-Талғар» магистралды газ құбырының ұзындығы 64,4 шақырым. Жобаның жалпы құны – 7,8 млрд. теңге. Газ құбырының құрылысы барысында негізінен отандық өндірушілер шығарған құрылыс материалдары пайдаланылғанын атап өту керек. 

Барлық жаңалықтар