Қазақстандық спортшылар қысқы олимпиадаға дайындалуда – Қанағатов

18 Қазан, 2014 13:24
Қазақстан қысқы олимпиадаға дайындалуда. Елімізде жаттығу үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында қосымша жаттығу базалары салынуы керек. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов хабарлады.

«Біз қысқы спорт түрлерімен мақсатты түрде айналысуымыз керек. Бізге қарапайым жаттығу базаларын салу керек. Әрине, бұл салада нақты жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар, қысқы олимпиадаға қатысуы мүмкін деген спортшылардың кандидатурасында іріктеп алдық. Бүгінде Қазақстанда аға жаттықтырушылар мен жауаптылар іріктеліп алынды және білім министрлігі тарапынан дайындық жоспары жасалуда», - деп сендірді ол.

Қанағатовтың айтуынша, елімізде қысқы спорт түрлері бойынша мектептер мен жаттығу алаңдарын ашқан жөн. Себебі, спорттың осы түрлері бойынша Қазақстанның ауыз толтырып айтарлықтар жетістігі жоқ.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар