Толыққанды дамуы үшін әр бала спортпен шұғылдануы керек - О. Рыпакова

18 Қазан, 2014 12:15
Толыққанды дамуы үшін әр бала спортпен шұғылдануы керек, деп мәлімдеді ОКҚ өткен брифингте жазғы Азияда чемпионы Ольга Рыпакова.

«Әрине, менің пайымымша, әр бала толыққанды дамуы үшін спортпен шұғылдануы керек. Бұл оларды шынықтыруға, дамытуға және өмірге дайындауға көмектеседі. Менің балаларымда спортпен шұғылданса деймін. Үлкен қызым жеңіл атлетикамен айналысады, алайда болашақта ол үшін оның қаншалықиты маңызды болатыны туралы әрі ойланған жоқпыз»,- деп ағынан жарылды ол.

Рыпакованың айтуынша, егер оның балалары өздерінің жан дүниесіне жақын өзге саланы таңдайтын болса ол қарсы болмайды. «Қызым спортпен айналысады, кейде оны мәжбүрлеймін, себебі бұл спорт түрінің оған қаншалықты пайдалы екенін түсінемін. Алайда, бұл қызығушылық кәсіби деңгейге дейін өсеме ол уақыт еншісінде. Егер, ол басқа саланы таңдайтын болса мен қарсылық танытпаймын», - деп толықтырды чемпион.

Барлық жаңалықтар