• Басты
  • Жаңалықтар
  • Әділет департаментінде Атырау облысының тұрғындары үшін интернет-конференция өтті

Әділет департаментінде Атырау облысының тұрғындары үшін интернет-конференция өтті

19 Қазан, 2014 11:03
Әділет органының негізгі функционалдық міндеттерін халық назарына жеткізіп, заңнамаларға енгізілген өзгерістерді түсіндіру бағытында Атырау облысында интернет-конференция өтті.

Әділет министрлігінен хабарлағандай, конференцияда  жылжымайтын мүлікті тіркеу бағыты бойынша, АХАТ саласы, оның ішінде электронды портал арқылы некеге отыру заңдылықтарына қатысты, жаңа туған баланы құжаттандыру мәселелері, сондай-ақ, заңды тұлғалардың бизнес-сәйкестендіру нөмірлерін алу талаптары бойынша сауалдарға заңды тұрғыда жауаптар берілді.

Сонымен қатар, 2014 жылдың 1 қыркүйектен бастап заңды күшіне енген рақымшылық жасау Заңына орай азаматтардың жариялауға жататын мүліктерін тіркеу, елімізден тыс аймақта орналасқан мүлікті заңдастыруға қажетті құжаттар, және де көлеңкелі қаражатты айналымға шығару заңдылықтары түсіндірілді.

Барлық жаңалықтар