• Басты
  • Е. Қанағатов: Азиядадағы жоғарғы көрсеткіш - спортшылардың, бапкерлердің ерең еңбегі мен мемлекеттік қолдаудың жемісті нәтижесі (БРИФИНГ ВИДЕОСЫ)

Е. Қанағатов: Азиядадағы жоғарғы көрсеткіш - спортшылардың, бапкерлердің ерең еңбегі мен мемлекеттік қолдаудың жемісті нәтижесі (БРИФИНГ ВИДЕОСЫ)

18 Қазан, 2014 11:57
Азиядадағы жоғарғы көрсеткіш - спортшылардың, бапкерлердің еңбегі мен мемлекеттік қолдаудың жемісті нәтижесі, деп мәлімдеді ОКҚ өткен брифингте ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов.

«Біздің спортшыларымыздың Кореяда өткен жазғы Азияда ойындарындағы жетістігі біздің тариымызда алғаш рет орын алып отыр. Жалпы, дүбірлі додаға отандастарымыз 1994 жылдан бастап қатысып келеді. Қанжығамызға байлаған 84 медальдың 28 алтын және біз өзіміздің жалпыкомандалық есептегі 4 орнымызды қайтардық. Бұл елімізде спорт саласына жіті көңіл бөлініп келе жатқанының айғағы. Айта кетерлік жайт, бұл жетістіктер тек жоғары спорттың ғана емес, жалпы спорт түрлерінің дамуына үлкен септігін тигізеді. Біз өзіміздің спортшыларымызға қарап отырып олардың бұданда биік белестерді бағындыруға ұмтылып жүргенін көреміз және олар үшін қолымыздан келген жағдайды жасап жатырмыз, тіпті шетелден шаттықтырушыларды да арнайы шақыртудамыз»,- деп ағынан жарылды Е.Қанағатов.

Сондай-ақ, ол, Қазақстан құрамасы кейбір спорт түрлерінде жетістікке шетелден шақырылған жаттықтырушылардың арқасында жетті, деп толықтырды.

Бұдан басқа, Е. Қанағатов атап өткендей, үздік көрсеткішті боксшыларымыз көрсетті, демек еліміздің бокс мектебі әлемде әлі де үздік.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар