• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР құрлық әскерінің 600-ге жуық әскерилері өздерінің дайындықтарын тексереді

ҚР құрлық әскерінің 600-ге жуық әскерилері өздерінің дайындықтарын тексереді

19 Қазан, 2014 15:36
Жамбыл облысында «Мәтібұлақ» полигонының 40-шы «Отар» әскери базасында ағымдағы жылдың 21 мен 28 қазан аралығында жыл сайынғы ҚР құрлық әскерінің кәсіби әскери сынағы өтеді.

Ведомстводан хабарлағандай, оған ҚР ҚӘ-нің  600-ге жуық әскери қызметкері бар 50-ден астам команда қатысады.

«Сынақ барысында әскерилер барлық қару түрінен оқ ату тәжірибесін көрсетеді. Ал, мергендер «шусыз соғысты» жүргізу өнерін ортаға салады. Сонымен қатар, байланысшылар мен инженерлер әскер құрамында өз салалары бойынша нормативтерді тапсырады», - делінген хабарламада. 

Барлық жаңалықтар