• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қорғаныс министрлігінде ҚР-да 2015 жылы бітімгерлік оқу-жаттығуын өткізу тұжырымдамасы қаралды

Қорғаныс министрлігінде ҚР-да 2015 жылы бітімгерлік оқу-жаттығуын өткізу тұжырымдамасы қаралды

18 Қазан, 2014 13:04
Қазақстан Қарулы Күштерінің өкілдері «Дала қыраны-2015» бітімгерлік оқу-жаттығуының тұжырымдамасын жасау жөніндегі жоспарлау конференциясының жұмысына қатысты.

ҚР Қорғаныс министрлігінен хабарлағандай, конференция барысында таяуда ғана Германияда аяқталған «Дала қыраны-2014» халықаралық тактикалық-арнайы бітімгерлік оқу-жаттығуының қорытындысы шығарылып, аталған жаттығуды 2015 жылы Қазақстанда өткізудің тұжырымдамалық негіздері талқыланды.

«Шетелдік сарапшылар «Қазбат» бітімгерлік батальонының жоғары даярлық деңгейі мен олардың БҰҰ-ның бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдау жөніндегі көпұлтты операциялардағы табыстарын ерекше атап өтті», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылы «Дала қыраны-2014» бітімгерлік оқу-жаттығуы тұңғыш рет Қазақстаннан тысқары жерде өтті. 

Барлық жаңалықтар