• Басты
  • Жаңалықтар
  • Көрші елдердің азаматтары ҚР-да еуропалық деңгейдегі медициналық қызмет түрін ала алады – ДСӘДМ

Көрші елдердің азаматтары ҚР-да еуропалық деңгейдегі медициналық қызмет түрін ала алады – ДСӘДМ

19 Қазан, 2014 10:02
«Республикалық диагностикалық орталығы» АҚ мен «Oftum» (Словакия) клиникасы бірлесіп, көз ауруларын емдеу мен диагностикалауға бағытталған «OFTUM RDC» жобасын іске асырды.

Жоба ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Словакия Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы медицина саласында ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдемесі аясында жасақталды.

ҚР ДСӘДМ хабарлағандай, аталған жобаны жүзеге асыру аясында «РДО» АҚ жалпы көлемі 200 шаршы метр медициналық және қосалқы бөлме-жайларын қайта жабдықтау жұмыстары жүргізілді. Диагностикалық офтальмологиялық модуль және ең жіңішке, кіріктірмелі төбе арқылы жүргізілетін бір бағыттағы ауа таратқышты қолдану арқылы қызмет атқарушы, 3 ота жасау залы бар заманауи операциондық блок ашылды. Бөлме-жайлар жалпы сомасы 800 мың еуро тұратын, озық неміс өндірушісі Карл Цайстың (Carl Zeiss) жаңа лазерлік қондырғылармен жабдықталды.

«Жоспарланып отырған инвестициялардың жалпы көлемі 2,5 миллион еуро. Оталарды еуропалық мамандар отандық қызметкерлерді үйрете отырып жүргізетін болады. Сонымен қатар, госпиталдық сервис жетілдірілуде», - деп атап өтілген хабарламада.

Бұдан басқа, «РДО» АҚ базасында медициналық туризмді дамыту аясында еуропалық деңгейде медициналық қызметтер алу үшін жақын елдердің азаматтары да тартылады. «РДО» АҚ және еліміздің басқа диагностикалық орталық мамандарын оқыту арқылы аталған инвестициялық технологиялардың трансферті жоспарланып отыр. 

Барлық жаңалықтар