Иран көрермендеріне Қазақстан туралы деректі фильм ұсынылды – СІМ

17 Қазан, 2014 18:34
Иран Ислам Республикасының ең үздік, алдыңғы қатарлы телеарналарының бірі «Джаме Джам - 1» мемлекеттік телеарнасынан Қазақстанның Тұңғыш Президентінің күніне және оның көшбасшысы – ҚР-ның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевқа арналған.

«Аталған атақты спутниктік арна Қазақстанның тарихы және оның қазіргі замандағы дамуы, бай мәдениеті, қазақ халқының салт-дәстүрлері, республикамызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар мен дамуы туралы 55 минуттік мазмұнды деректі фильмді көрермендерге ұсынды», - деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінде.

Ирандық көрермендер Қазақстанның жаңа елордасы – Астана және еліміздің қаржы және іскер орталығы – Алматы қалалары жайлы көркем кадрларды қызықтады. Бұл әсем фильмде Қазақстанда өмір сүріп жатқан 130 ұлттың тату тәтті және бейбітшілік аясында өмір сүріп жатқаны Ұлт басшысы - Н.Ә. Назарбаевтың қарапайым жұмыскер-металлургтан Қазақстанның Бірінші Президентіне дейінгі өмір жолы толық көрсетілген.    

Бағдарлама қатысушылары қазақ және иран халқының тарихи және мәдени орталықтарын назарға сала отырып, қазақстан-иран арасындағы қаржы-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық қатынастардың даму серпінін атап өтті. Осыған орай, мамандар Қазақстан, Түркіменстан және Иран мемлекеттерін байланыстыратын теміржолының салынуының аймақтағы сауда мен екіжақты сауда айналымын ұлғайтудағы және көптеген шектеуліктерді шешудегі маңыздылығын айтты.

 

Барлық жаңалықтар