«Алтай - біздің ортақ үйіміз» ХҮК төрағалығы Шығыс Қазақстанға берілді

17 Қазан, 2014 17:48
Өскеменде өткен «Алтай - біздің ортақ үйіміз» халықаралық үйлестіру кеңесінің отырысында РФ Алтай өңірі губернаторы келелі кеңестің төрағалығын ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаевқа берді.

ШҚО-ның Ақпаратты орталығынан хабарлағандай, А. Карлин Б. Сапарбаевты тағайындалуымен құттықтап, бүгінгі кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді. Оның айтуынша алқа мәжілісі шешіліп тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

«Шығыс Қазақстан – біздің  көршіміз, экономика саласында ғана емес, мәдениет және рухани өмір салаларында да сенімді серіктесіміз, - деп атап өтті А. Карлин.

Айта кетерлік жайт, бұл төрағалықтың маңызы зор. Шығыс Қазақстан «Алтай - біздің ортақ үйіміз» ХҮК төрағалық етсе, сол кезде Қазақстан ЕурАзЭқ-қа төрағалық етеді.

Өз кезегінде, Бердібек Сапарбаев үйлестіру кеңесінің жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастыратын боламыз деп уәде берді. Бүгінгі таңда кеңестің жұмысының жоспары түзіліп, бірқатар ірі жобаларда белгіленді, - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Өскеменде «Алтай - біздің ортақ үйіміз» атты Халықаралық үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Ауқымды шараға  Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Ресей Федерациясы Алтай өңірінің губернаторы Александр Карлин, Баян-Өлгей аймағының  губернаторы  Хузкей Дармен, ҚХР Синьцзян-Ұйғыр автономиясы ауданының ғылым және техника басқармасының бастығы Ху Кэл Инь, СУАР Алтай өңірінің  губернаторы  Талихади Усунь және басқалар қатысты.

Барлық жаңалықтар