Елбасы Ұлыбританияның Премьер-Министрімен кездесті

17 Қазан, 2014 16:12
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания Премьер-Министрі Дэвид Кэмеронмен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Кездесу барысында тараптар сауда-экономика және инвестиция саласындағы өзара іс-қимылды дамытудың кең ауқымды мәселелерін талқылады», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ екі ел көшбасшылары халықаралық күн тәртібіндегі маңызды мәселелер мен өңірлік қауіпсіздіктің негізгі жайттары жөнінде пікір алмасты. 

Барлық жаңалықтар