- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Францияның Үкімет басшылары екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін талқылады
Қазақстан мен Францияның Үкімет басшылары екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін талқылады
Үкімет басшылары екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарын кеңейтудің көкейкесті мәселелерін талқылады.
«Франция - Қазақстанның Еуропадағы негізгі әріптесі болып табылады»,-деген С.Ахметов Астананың Парижбен диалогқа мүдделі екенін айтты.
«Баламалы энергетика, машина жасау, металлургия, электроника, химия өнеркәсібі, технологиялар трансферті салаларында бірқатар бірлескен жобалар белгіленді. Бірлескен жұмыстарды жалғастыру, сондай-ақ барлық деңгейдегі байланыстарды нығайту біз үшін аса маңызды»,- деді С.Ахметов.
Үкімет басшысы өзінің әріптесін «Болашақтың энергиясы» деген атпен Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық барысымен таныстырып, француз жағын халықаралық шараға белсене қатысуға шақырды.
Тараптар мұнай-газ, машина жасау, атом энергетикасы салаларында ынтымақтастықты тереңдету туралы ойларын айтты.
Өз кезегінде, Жан-Марк Эйро екіжақты өзара іс-қимыл деңгейін жоғары бағалап, ынтымақтастықтың одан әрі жемісті болатынына сенім білдірді.
АНЫҚТАМА
2012 жылдың қортындысы бойынша өзара тауар айналымы 6,2 млрд. АҚШ долларын құрады. (экспорт-5,63 млрд, импорт-584 млн), Ол 2013 жылдың бірінші жартысында 3 миллиардтан астам АҚШ доллары болды.
Экспорттың негізгі түрлері мұнай, металдар, химиялық өнімдер болып табылады. Ал, Қазақстан Франциядан өндірістік құрал-жабдықтар, дәрі-дәрмектер, косметика, автокөліктер және тағы басқаларды алады..
1994 жылдан бері жалпы Франциядан ҚР экономикасына құйылған тікелей инвестиция 10 млрд. АҚШ долларын құрады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды