Талдықорғанда хоккей стадионы ашылды

17 Қазан, 2014 16:32
Бүгін Талдықорғанда көгалдағы хоккей стадионының ашылуы өтті. Нысан құрылысына 688,3 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды Алматы облысының әкімдігі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, салтанатты шараға Алматы облысының  әкімі Амандық Баталов пен Көгалдағы хоккей федерациясы президенті, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Үмбетов қатысты. Жаңа стадион құрылысына 688,3 млн теңге бөлінген. Онда 1140 адамға арналған орын, VIP орындар, медицина кабинеті, киім ауыстыру бөлмесі, асхана, әкімшілік және бапкерлер бөлмесі, коментаторлар мен қазылар бөлмелері бар.

«Президенттің тапсырмаларын орындауда облыста дене шынықтыру және спортты дамытуға бағытталған шаралар қолға алынып, материалды-техникалық база нығаюда, жаңа спорт нысандары салынуда. Стадиондар мен ғимараттарды жөндеу жұмыстары да назардан тыс қалмаған. Облыс орталығында көгалдағы хоккей нысанын салу туралы шешім бұрыннан ойда жүрген мәселе еді», - дейді әкім Амандық Баталов.

Мәжілісмен Серік Үмбетовтың айтуынша, Қазақстанның көгалдағы хоккей бойынша ұлттық құрамасының негізгі ойыншылары Алматы облысынан шыққан спортшылар. Ал 2011 жылы Талдықорғанда құрылған «Бесарыс» клубы Қазақстан мен Азияның бірнеше дүркін чемпиондары. Стадионның ашылуы өскелең ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеуде үлкен маңызға ие.

Барлық жаңалықтар