Сенат жаңа құрамның қатысуымен отырыс өткізді

17 Қазан, 2014 15:32
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жаңа құрамдағы отырысы болды.

«Жаңадан сайланған депутаттарды Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың атынан құттықтай келіп, Сенат Төрағасы еліміздің заң шығару жүйесін жетілдірудегі сенаторлардың жемісті қызметі үшін алғыс айтты, сондай-ақ оларды Сенаттың Құрмет грамотасымен марапаттады», - деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

 Қ.Тоқаев аса жауапты және мәртебелі қызметке кіріскелі отырған әріптестері өздерінің терең білімі мен бай тәжірибесін Елбасының «Қазақстан - 2050» Стратегиясында айқындалған маңызды міндеттерді жүзеге асыруға аянбай жұмсайтынына сенім білдірді.

Күн тәртібіне сәйкес, сенаторлар Сенаттың тұрақты комитетерің саны мен атауы туралы мәселелерді талқылады, сондай-ақ тұрақты комитеттердің төрағалары мен мүшелерін сайлады.

Серік Ақылбай - Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің, Рашит Ахметов - Қаржы және бюджет комитетінің, Икрам Адырбеков - Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің, Талғатбек Абайділдин - Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің, Ақан Бижанов – Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің, Сергей Плотников – Аграрлық мәселелер, табиғатты қорғау және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағалары болып сайланды.

 

Барлық жаңалықтар