• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сыбайлас жемқорлықты жою – Тәуелсіздігімізді нығайтудың басты талабы – Молдабеков

Сыбайлас жемқорлықты жою – Тәуелсіздігімізді нығайтудың басты талабы – Молдабеков

17 Қазан, 2014 17:02
Шымкент қаласында жастар «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаның жобасын талқыға салды, деп хабарлады «Нұр Отан» партиясы.

«Кездесуге «Жас Отан» ЖҚ ОҚОФ Атқарушы хатшысы Молдабеков Бауыржан, Шымкент қалалық студенттер Альянсы директорының орынбасары - Темирова Кымбат, «Еңбекші ауыл жастары одағы» ассоциациясының оңтүстік облыстар бойынша атқарушы директоры Байзахова Сәбира және жастар ісі жөніндегі комитет төрағалары, студент жастар қатысты», - делінген хабарламада.

Бұдан бұрын атап өткендей, аталмыш жобаның бағдарламасына аймақтық партия мүшелерінен, сараптамалық бірлестігінен және ғаламтор пайдаланушыларынан 700-ден астам ұсыныс түскен болатын.

«Сыбайлас жемқорлықты жою – біздің халқымыз бен мемлекетіміздің негізгі құндылығы болып табылатын – Тәуелсіздігімізді нығайтудың басты талабы. Сондықтан да қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас пен құқықтық сана қалыптастыру қажет және де сыбайлас жемқорлық көріністерін жоюда, шешуші және соңғы сөз ЖАСТАР тарапынан болуы керек»,- «Жас Отан» ЖҚ ОҚОФ Атқарушы хатшысы Бауыржан Молдабеков.

Оның айтуынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі күрестің идеялық негізін  партияның саяси Доктринасында бекітілген Заңның үстемдігі, Əділеттілік, Отбасы және дəстүр сынды әмбебап құндылықтар  – құрауы тиіс.

 

Барлық жаңалықтар