• Басты
  • Жаңалықтар
  • Атырау облысында тауар өндірушілерді қаржылай қолдау үшін 20 млрд теңге бөлінді

Атырау облысында тауар өндірушілерді қаржылай қолдау үшін 20 млрд теңге бөлінді

17 Қазан, 2014 12:39
2012-2014 жылдар аралығында Атырау облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қаржылай қолдау үшін 20 млрд теңге бөлінді, деп мәлімдеді ОКҚ брифингінде Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов.

«Соңғы 3 жыл ішінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қаржылай қолдау үшін 20 млрд теңге бөлінді. «ҚазАгро» АҚ бойынша 3,5 млрд теңге бөлінді», - деді ол.

Сондай-ақ, оның айтуынша, субсидия көлемі 2012 жылы 360 млн-ды құрады, осы күнге дейін оның көлемі 1,8 млрд-қа көбейді. 3 жыл ішінде 20 млрд теңгенің 80 пайызы немесе 16 млрд-ы мемлекетке қайтарылды.

«Жалпы, ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік және жеке инвестициялар 2 жыл ішінде 4 есеге өсті, яғни 2,7 млрд теңгеден 11,3 млрд теңгеге жетті», - деді әкім.

Сондай-ақ, салаға жаңа технологиялар енгізілуде. 2012 жылы суармалы егіншілік 413 га жерге енгізілді, ал 2014 жылы 1100 га жерге жетті. Келесі жылы суармалы егіншілік жерінің ауданын 1500 га жеткізу жоспарланған.

Индира Қауметова

 

Барлық жаңалықтар