• Басты
  • Жаңалықтар
  • Атырау облысында «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша 330 мың шаршы метрден астам тұрғын үй халық игілігіне берілді

Атырау облысында «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша 330 мың шаршы метрден астам тұрғын үй халық игілігіне берілді

17 Қазан, 2014 12:01
2014 жылдың 9 айында Атырау облысында «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша 330 мың шаршы метрден астам тұрғын үй халық игілігіне беріледі. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов хабарлады.

 «2014 жылдың 9 айында 335,9 мың шаршы метрден астам тұрғын үй халық игілігіне берілді, өткен жылдың сәйкесінше кезеңінің 100,1% құрады. Жалпы, 2014 жылы 870 пәтері бар 19 үй пайдалануға беріледі, ал тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің желісі бойынша 465 пәтері бар 10 үй ағымдағы жылы пайдалануға беріледі. Ал, қалған 255 пәтері бар 5 үйдің құрылысы 2015 жылы жалғасады», - деп сендірді әкім.

Сонымен қатар, оның айтуынша, 2014 жылы жалға берілетін баспана бойынша 405 пәтері бар 9 үй пайдалануға беріледі, оның ішінде 315 пәтерден тұратын 7 үй әкімдікте кезекте тұрғандарға және 90 пәтерден тұратын 2  үй жас отбасыларға беріледі. Ал, 75 пәтерден тұратын 2 үйдің құрылысы 2015 жылы жалғасады.

Бұдан басқа, жергілікті бюджет есебінен 2014 жылы 1458 пәтерден тұратын 20 коммуналды тұрғын үйдің құрылысы жалғастырылады. Барлығы республикалық және облыстық бюджет есебінен 2148 пәтері бар 37 үй салынады.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар