Атырау облысында ҮИИД МБ аясында 44 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

17 Қазан, 2014 11:31
Атырау облысында Үдемелі индустриалды инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында 44 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов хабарлады.

«ҮИИД МБ шеңберінде өңірімізде 1,6 трлн теңгенің  44 инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда. Бүгінде олардың 28 жобасы іске қосылған», - деді әкім.

Сонымен қатар, оның айтуынша, жыл соңына дейін құны 8,3 млрд теңгені құрайтын тағы 7  жоба пайдалануға беріліп, жаңа 466 жұмыс орны ашылады.

Бұдан басқа, Ізмұхамбетов атап өткендей, ағымдағы жылы бірқатар жоба бойынша құрылыс жұмыстарын бастау жоспарланған. Атап айтар болсақ, 3 құс фабрикасының, препараттарды өндіру бойынша зауыттың, кабель өндірісі бойынша зауыттың және химиялық реагент өндірісі бойынша зауыттың құрылысы басталады.

Ал, 2015 жылы 12,9 млрд теңгенің 5 жобасы және 2016-2017 жылдары жалпы құны 1,46 трлн теңге болатын - 4 жоба халық игілігіне беріледі.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар