- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР БҒМ өңірлерде мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің таныстырылымын өткізуде
ҚР БҒМ өңірлерде мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің таныстырылымын өткізуде
«Таныстырылым Шымкент, Тараз, Петропавл, Қостанай, Өскемен қалаларында өтеді», - делінген хабарламада.
Тұрғындарға ақпаратты барынша жеткізу мақсатында таныстырылымға жалпы білім беретін мектептердің ата-аналар комитеттері, білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен МБЖЖ-ға қатысушы банктердің өкілдері шақырылды. 2014 жылғы 16 қазандағы жағдай бойынша МБЖЖ жүйесінде 8077 салым тіркелген.
«Қаржы орталығы» АҚ қызметкерлері және МБЖЖ-ға қатысушы банктердің өкілдері Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы азаматтардың барлық сұрақтарына жауап береді.
Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі 2013 жылдың маусым айында іске қосылып, екінші деңгейдегі банктер арқылы жұмыс істейді.Жаңа депозиттер жүйесі техникалық және кәсіптік, жоғары және оқу орыннан кейінгі білім алу үшін қаражат жинақтауға бағытталған.МБЖЖ депозиттерінің басты ерекшелігі – салымдарға банк сыйақысымен бірге мемлекет сыйлықақысы есептеледі. Мемлекет сыйлықақысының мөлшері – 5%, белгілі бір басымдылықты санаттағылар үшін – 7%. Мұндай санатқа халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобындағы азаматтар жатқызылады, олар: жетім балалар, көп балалы отбасынан және аз қамсыздандырылған отбасылардан шыққан балалар, мүгедек балалар. Банк сыйақысының мөлшері – 8-10%.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай