• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ескішехир түрік провинциясының делегациясы ҚР-ның инвестициялық ахуалын зерттеді

Ескішехир түрік провинциясының делегациясы ҚР-ның инвестициялық ахуалын зерттеді

17 Қазан, 2014 10:23
Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының үдемелі индустриалдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және өңіраралық байланыстарды дамыту аясында Астана, Алматы, Шымкент және Қарағанды қалаларына Түркияның Ескішехир провинциясы губернаторы Гүнгөр Әзим Тунаның басшылығымен провинцияның жоғары деңгейдегі делегациясының сапарын ұйымдастырды.

Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, сапар барысында Астана қаласының Әкімі И.Тасмағамбетовпен, Алматы қаласы әкімінің орынбасарымен, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Ректорымен, Оңтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстары әкімдерімен кездесулер өткізіліп, Түркістан қаласындағы Қ.А.Яссауи кесенесіне барып шығу іс-шарасы ұйымдастырылды. Сондай-ақ Губернатор Түркі академиясының іс-шараларына қатысты.

Сапар барысында Шымкент және Ескішехир қалаларының басшылығы екі қала арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалар бойынша өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға кең ауқымды мүмкіндіктерді беретін, Туыстас қалалар байланыстары туралы протоколға қол қойды.

«Губернатор кездесулер барысында: «Жыл сайын Қазақстан белсенді даму қарқынын көрсетіп келеді және бұл бізді қуандыртады! Мен Сіздің еліңізде тек 2 жыл бұрын ғана болдым, бірақ бұл екі ортаның өзінде көптеген өзгерістерді байқап отырмын», - делінген хабарламада.

 Қазақстан бізге тек бауырлас және достас ел ретінде ғана қажет емес, біз оның өңірдегі алдыңғы қатарлы мемлекет ретінде болғанын көруге мүдделіміз», деп өз пікірін білдірді.

Түрік провинциясының өкілдері қазақ өңірлерінің инвестициялық ортасын байқап біліп, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдету мүмкіндіктеріне баға берді. Сапардың қорытындылары бойынша Ескішехир өндірістік аймақтары мен Қазақстан өңірлері арасындағы ынтымақтастықты дамыту жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Айта кетейік, Ескішехир – машина жасау (локомотив пен вагондарды жасау мен әскери әуеқұрастыру зауыты), азық-түлік (сондай-ақ қант өндіру), текстил, цементтік және ағаш өндіру өнеркәсіптері дамыған ірі өндірістік орталық болып табылады.  Өңірде хром мен провинцияның символы болып табылатын және теңіз көбігі деп аталатын сирек пайдалы қазбасы сепиолит өндіріледі. Ол негізінен жұмсақ, алайда жердің астынан шығарылғаннан кейін қатып қалатын бір пайдалы қазба болып келеді. Бұл теңіз көбігін өңірдің ақ алтыны деп те атап, оның құрметіне жыл сайын фестивалдер өткізеді. Провинцияда шамамен 1000 ірі және 500 кіші мен орта кәсіпорындары шоғырланған индустриялық аймақтар бар.

Барлық жаңалықтар