• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Германия көшбасшылары халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты

Қазақстан мен Германия көшбасшылары халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты

17 Қазан, 2014 09:16
Мемлекет басшысы Миланға жасаған жұмыс сапары аясында Германияның Федералдық канцлері Ангела Меркельмен кездесті,деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Екі елдің көшбасшылары сауда-экономика, инвестиция және басқа салалардағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайту мәселелерін талқылады», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, тараптар өңірлік және халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

 

Барлық жаңалықтар