• Басты
  • Құтқарушылар күні қарсаңында астаналық құтқарушылар жақсы нәтиже көрсетуде

Құтқарушылар күні қарсаңында астаналық құтқарушылар жақсы нәтиже көрсетуде

16 Қазан, 2014 19:22
Астана қаласы ТЖ департаментінде Құтқарушылар күні қарсаңында гарнизонның өрт сөндіру бөлімдері қатысқан өрт-құтқару спорты бойынша жарыстар ұйымдастырылды, деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

«Жарыстарға барлығы 11 құрама қатысты. Екі негізгі бағыт бойынша өткен жарыстарда қатысушылар шабуыл баспалдағымен көтерілу және кедергілері бар 100 метрлік аралықты бағындыру. Ортақ командалық есепте орындар келесі түрде белгіленді: 1 орынды – 16-МӨСБ, екінші орынды – 9-ӨСБ, үшінші орынды – 5-МӨСБ-нің құтқарушылары еншіледі. Астаналық құтқарушылар екі сайыстан да жақсы нәтижелер көрсете білді», - делінген хабарламада.

Қазақстанда Құтқарушылар күні қазанның 19-ы күні атап өтіледі. Өрт-құтқару спорты бойынша жарыстар аталмыш мерекеге орай және Департамент қызметкерлерін дене шынықтыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға шақыру мақсатында өткізілген болатын. Спорт, астаналық құтқарушылардың күнделікті өмірінде ерекше орын алады.

Барлық жаңалықтар