АӨК субъектілері 2 млрд-қа жуық теңгеге инвестициялық субсидия алады

16 Қазан, 2014 19:07
Инвестициялық субсидиялау бойынша бүгінгі күнге мақұлданған 121 өтінім бойынша еліміздің АӨК субъектілері 2 млрд. теңгеге жуық сомаға инвестициялық субсидия алатын болды, деп хабарлады ҚазАгро.

«Өтінімдер Жамбыл (44), Шығыс Қазақстан (20), Қарағанды (19), Оңтүстік Қазақстан (17), Ақмола (12), Павлодар (5), Қостанай (4) облыстары бойынша мақұлданған.Мақұлданған өтінімдер бойынша жобалардың жалпы құны 10 млрд. теңгеге жуық соманы құрайды. Бүгінгі таңда бұл жобалар аясында 200-ден астам тұрақты жұмыс орны құрылған», - делінген хабарламада.

Мақұлданған жобалардың неғұрлым көп бөлігі мынадай бағыттарға тиесілі: етті бағыттағы ірі қара мал өсіретін шаруашылықтарды техникамен жабдықтау (45 жоба), суару жүйелерін – жаңбырлату мен тамшылатып суаруды енгізу (25 жоба), мал басы 600 саулықтан кем емес шаруашылықтарды кеңейту және техникалық жарақтандыру (23 жоба).

 

Барлық жаңалықтар