- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыдағы инвестициялық форумға 400-ден астам адам қатысады
Алматыдағы инвестициялық форумға 400-ден астам адам қатысады
Шараға қала әкімі Ахметжан Есімов, Қазақстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев, Француз Республикасының экс-премьер-министрі Франсуа Фийон, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы Қуандық Бішімбаев, Көлік және даму институты (IDTP) директорлар кеңесінің президенті Энрике Пеньялоса, атақты халықаралық инвестор, «Rogers Holdings» инвестициялық компаниясының басшысы Джим Роджерс, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің вице-президенті Ганс-Петер Ланкес пен өзге де лауазымды тұлғалар қатыспақ.
«Форум қатысушылары адамзат өміріне жаңаша сипат беретін айтарлықтай өзгерістерді талқылайды. Заманауи технологиялардың дамуымен көлік және тасымал саласының әлеуеті артып келеді. Пікірталас барысында технологиялық прогресс жағдайларындағы инновациялық инфрақұрылымдық шешімдер қарастырылады деп күтілуде. Сонымен қатар, Инвестициялық форум қатысушылары ұлттық инновациялық жүйе, туризм мен «жасыл» экономикаға өту негіздерін дамыту мәселелерін талқылайды», - делінген хабарламада.
Форум аясында Алматы әкімдігі мен қаржы институттары арасында меморандумға қол қою жоспарлануда.
Естеріңізге сала кетейік, бірінші Алматы Инвестициялық Форумы 2013 жылдың желтоқсан айында өткен еді. Оған үкімет мүшелері, халықаралық қаржы институттары сарапшылары, атақты экономистер мен осы сала ұйымдарының мамандары қатысқан. Бірінші инвестициялық форум қатысушыларына Алматының Инновациялық Технологиялар паркі ЕЭА мен Алатау ауданындағы Индустриялды аймақ және туристік саланың даму бағыттары таныстырылды.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді