ҰЭМ 200 млрд теңгенің салық жеңілдігін жоюды ұсынуда

16 Қазан, 2014 15:44
Ұлттық экономика министрлігі 200 млрд теңгенің салық жеңілдігін жоюды ұсынуда, бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің бірінші вице-министрі Марат Құсайынов ҚР Парламент Сенатында хабарлады.

«Үкімет бизнес-қауымдастықпен бірлесіп республикалық бюджет жұмыстарын аяқтау бойынша есеп комитетінің  ұсыныстарын есепке ала отырып салық жеңілдіктері мен бағасы бойынша жұмысты аяқтады. Өткізілген тексеріс бойынша салықтық жеңілдіктерді 200 млрд теңгеге қысқарту ұсынылды», - деді вице-министр.

«Сондай-ақ, ауыл шаруашылық өндірушілері үшін арнайы салық тәртібі бойынша салықты  70 пайызға қысқарту көзделген; инвестициялық  және стратегиялық жобалар үшін мүлік салығынан босату да қарастырылған. Қазақстан даму банкінің жұмыс істемей тұрған активтерін  Қазақстанның инвестициялық қорына өткізуде жеңілдіктер қарастырылмайды», - деді ол.

Ұлттық экономикада хабарлағандай, Қазақстанда барлық 281 салық жеңілдігінің 118 стандартты, 163 стандартты емес. Тексеріс стандартты емес жеңілдіктер бойынша жүргізілді.

Вице-министр атап өткендей, қазіргі таңда салық салу бойынша заң жобасы Мәжіліс қарауында жатыр.

«Біз жеңіл салық саясатын қалыптастыру жұмысын одан әрі жалғастырамыз, ол бизнесті қолдауға, бизнес-ортаның жақсаруына, инвесторлар жағдайының дамуына, экономиканың индустриялануына, ЕАЭО  тауар өндірушілерінің бәсекелестігін арттыруға, ДСҰ –ға енуін қарастыруға бағытталған заң жобасы», - деді М.Құсайынов.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар