• Басты
  • ҚР Ұлттық музейі мен Бас редакторлар клубы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

ҚР Ұлттық музейі мен Бас редакторлар клубы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

16 Қазан, 2014 19:43
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде бұқаралық ақпарат құраладарының өкілдері мен мұражай қызметкерлері өзара тиімді ықпалдастыққа қатысты мәселелерінің кең ауқымын талқылаған «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі және БАҚ: өзара ықпалдастық жолдары» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізілді, деп хабарлады мәдениет және спорт министрлігі.

ҚР Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбай атап өткендей, БАҚ еліміздің мәдени-тарихи мұрасын насихаттауда, сондай-ақ Ұлттық музейдің оң имиджін қалыптастыруда маңызды рөл ойнайды. Ол «дөңгелек үстелге» қатысушыларды тарихи және мәдени құндылықтар мен дәстүрлерді сақтау әрі жаңарту ісінде ортақ мақсаттарға жету үшін ынтымақтастықты жалғастыруға және күшейтуге шақырып, музей мен журналисттер қауымы арасындағы әріптестікті кеңейтуде қатысушылардың ұсынымдары мен ұсыныстары ескерілетіндігіне сенім білдірді.

Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы ретінде ҚР Ұлттық музейі мен Президенті Бибігүл Жексенбай болып табылатын «Бас редакторлар клубы» ҚБ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Қатысушылар мұражай қорларындағы мәдени құндылықтарды насихаттау, Қазақстан ұлттық идеясын жүзеге асырудағы музей рөлін анықтауға қатысты мәселелер талқыға салынды.

Сонымен қатар, шара аясында тілшілер музей көрмелерімен және оның тұрақты залдарымен, «Мәдени мұра» журналының жаңа форматымен тынысып, музейдің ресми сайтының және 3D турының тұсаукесерін тамашалады.

«Іс-шарада қазіргі заманның атақты мүсіншілерінің бірі Цадок Бен-Давидтің  «Түн ортасының арғы беті» көрмесі және қытай фарфорының көрмесі көпшілік назарына жеке экспозициялық кешендер ретінде ұсынылды», - делінген хабарламада.

 

Барлық жаңалықтар