- Басты
- Жаңалықтар
- Жыл басынан бері 7182 шартты түрде сотталған адамға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілді –ІІМ
Жыл басынан бері 7182 шартты түрде сотталған адамға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілді –ІІМ
Ішкі істер министрлігінде хабарлағандай, Тараз қаласында ІІМ бастамасымен Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басшылығының, Әкімшілік полиция комитетінің, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласы әкімдерінің, сондай-ақ құқық қорғау, сот органдары өкілдерінің қатысуымен ҚАЖК пробация қызметін одан әрі дамыту, шартты түрде сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуді жетілдіру және жаңа Қылмыстық-атқару кодексінің новеллаларын ескере отырып, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды орындау бойынша өңірлік семинар өтті.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ішкі істер министрлігінің мүдделі органдармен өзара әрекеттесе отырып, елдегі «түрме халқын» азайтуға, бас бостандығынан айырумен байланысты емес қылмыстық жазаларды қолдану тәжірибесін кеңейтуге бағытталған бірқатар шараларды, оның ішінде заңнамалық сипаттағы шараларды әзірлеп, қабылдап жатқаны семинарда аталып өтті.
Пробация қызметінің функциясына бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды орындау ғана емес, сонымен қатар, шартты түрде сотталған адамдарға білім, кәсіп алуда, оларды жұмысқа орналастыруда, емдеуде, сондай-ақ құқықтық көмекті қамтамасыз етуде әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету де жатады.
Семинарда пробация қызметін одан әрі жетілдірудің негізгі бағыттары айқындалды. Учаскелік полиция инспекторларының пробация қызметімен және жергілікті атқарушы органдармен және өзге де мемлекеттік органдармен іс-қимыл жасаудың бірлескен алгоритмі пысықталды.
Семинарда бірінші кезектегі бірлескен міндеттер айқындалды. Бұл бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларға сотталған адамдарды әлеуметтік оңалтуға және олар қайталап жасайтын қылмыстардың деңгейін төмендетуге бағытталған ұтымды көмек.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі