• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматыда өтетін конференцияда трансплантанция мен донорлықтың мәселелері талқыланады

Алматыда өтетін конференцияда трансплантанция мен донорлықтың мәселелері талқыланады

16 Қазан, 2014 15:17
2014 жылдың 17 қазанында Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінде «Трансплантацияға жаңа көзқарас» атты конференция өтеді, деп хабарлады ЖОО-ның баспасөз қызметі.

«Бүгінгі күні Қазақстанда әртүрлі факторлар мен себептерге байланысты көптеген адамдар трансплантацияны қажет етеді. Солардың арасында, өкінішке қарай, сәбилер де бар. Осы оқиғалардың әрқайсысына да шұғыл жәрдем керек. Алайда, донор банкінде аса қажетті бүйрек, бауыр, жүрек және тағы басқа ағзалар   тапшы. Соңғы мәліметтер бойынша (тамыз 2014 ж.), бүгінгі күні Қазақстанда бүйрек трансплантациясын 1 718 ересек науқастар және 49 бала қажет етіп отыр, жүрек трансплантациясын 66 адам, балалар  - 13, бауырды ауыстыруды 565 адам, балалар - 15, өкпе трансплантациясын 4 адам күтіп отыр», - делінген хабарламада.

Іс-шараның басты мақсаты – өлгеннен кейін ол донор болуға және сол арқылы басқа адамдардың, мүмкін ол да өзі сияқты басқа адамдардың, Сізді және сіздің жақындарыңыздың өмірін сақтап қалуға, сонымен қатар қан доноры болуға дайын ба – деген сұраққа қоғамдағы әрбір азаматтың дұрыс шешім қабылдауына көмектесетін сенімді ақпаратты жеткізу.

Қайтыс болғаннан кейінгі ағза донорлығы – бұл құқық және медицинамен, мемлекет және қоғаммен өзара тығыз байланысты жүретін үдеріс. Бүгінгі күні мемлекет пен медицина қолданыстағы заңнамаларға сәйкес қайтыс болған тұлғалардың ағзаларын трансплантация үшін пайдалануға дайын, соңғы сөз қоғамда.

Алайда, қоғамдық пікір негізінен БАҚ алған ақпараттардан, көбінесе қарама-қарсы және жағымсыз, немесе  хабары жоқ тұлғалардың субъективті пікірі негізде қалыптасады. Бұл ағза донорлығы үрдісіне кері әсер ететін стереотиптерді және соқыр нанымдарды туғызады.

Сонымен қатар, қан және оның компоненттері донорлығы Қазақстанда негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Қан құю үшін қажетті қанның тапшылығы шын мәнінде өмір мен өлім мәселесіне айналды. Өмірде қандайда бір жағдайларда әрбір адамға қан құю қажет болады. Біз қан донорлығы Қазақстан Республикасының әрбір азаматы үшін  салауатты өмір салты, өзаракөмек және қайырымдылық элементі – мемлекеттік саясат элементі болуы тиіс деп санаймыз.

Баспасөз мәслихатына мифтер мен стереотиптерді сейілтетін,  қоғамды толғандыратын барлық сұрақтарға ашық жауап беретін ағза донорлығы мен  трансплантация үдерісіне тікелей араласатын мамандар, трансфузиология мамандары, діни конфессия өкілдері шақырылды.

 

 

Барлық жаңалықтар