- Басты
- Жаңалықтар
- «Қазақстан Темір Жолы» АҚ-ның 2,6 млрд теңгелік үш активі сатылды
«Қазақстан Темір Жолы» АҚ-ның 2,6 млрд теңгелік үш активі сатылды
«Электронды байқау әдісімен өткізілген саудаға ҚТЖ құрамындағы 7 компания шығарылған болатын. Тіркелген қатысушылардың болмауы себепті «БАС Балхаш 2004» ЖШС, «Биржан-Атырау» ЖШС, «Гасыр-Мангистау» ЖШС, «АК берен» ЖШС сату бойынша электронды сауда «өткізілмеген» деп танылды. Бұл уақытта «Ертыс Сервис» ЖШС, «МАК-Экибастуз» ЖШС, «Казыкурт-Юг» ЖШС жалпы құны 2,6 млрд. теңгеге сатылды»,- деп хабарлады «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС Бас директоры Серікбек Елшібеков.
Жекелей алғанда «Ертіс Сервис» ЖШС 703 млн. теңгеге сатылды. Бұл оның сатуға шығарылған бастапқы құнынан 15% жоғары. Ал «Казыкурт-Юг» ЖШС бастапқы бағасынан 1,6 есеге қымбаттап, 960,5 млн. теңгеге сатылды. «МАК-Экибастуз» ЖШС құны бастапқы сауда бағасынан 3,6 есеге қымбаттап, 1,02 млрд. теңгеге сатылды. «Ертыс Сервис» ЖШС сатып алуға 4, «Казыкурт-Юг» ЖШС сатып алуға 7, ал «МАК-Экибастуз» серіктестігін сатып алуға 6 инвестор ниет білдіріп, сауда көрігін қыздырды. Мүдделі инвесторлардың қызу саудаласып, сатуға шығарылған серіктестік бағасын ұлғайтуы аталған активтерге деген қызығушылықтың жоғары болғандығын аңғартады.
Сатылған компаниялар бойынша тиісті келісім шарттар 2 ай ішінде толық тәмамдалады деп күтілуде. Сауда өткізілмеген деп танылған активтер таяу 10 күннің ішінде қайтадан сатуға шығарылады.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Самұрық-Қазына» АҚ бірлесіп, 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің Кешенді жоспарын әзірлегені белгілі. Қор құрамындағы 106 актив пен нысанды, соның ішінде 64-ін 2014 жылдың соңына дейін жеке меншік сектордың қолына тапсыру көзделген. Бағдарламаны жүзеге асыру ел экономикасындағы мемлекет қатысуын азайтып, іске жеке меншік секторды молынан тарту арқылы оны барынша нығайтуға бағдарланған.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан