• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-да «Еврохим-Тыңайтқыш» жобасын жүзеге асыру мақсатында 5 мың жұмыс орнын ашу жоспарлануда

ҚР-да «Еврохим-Тыңайтқыш» жобасын жүзеге асыру мақсатында 5 мың жұмыс орнын ашу жоспарлануда

20 Қыркүйек, 2013 14:44
Қазақстанда «Еврохим-Тыңайтқыш» ЖШС кешенді минералды тыңайтқыш өндіретін жобаны жүзеге асыру мақсатында 5 мың жұмыс орны ашылу жоспарлануда, деп Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

 «Еврохим-Тыңайтқыш» ЖШС кешенді минералды тыңайтқыш өндіретін жобаны жүзеге асыру мақсатында 5 мың жұмыс орны мен 2 мың тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарлануда», - деп ведомство хабарламасында нақтыланған.

Қазіргі таңда жоба бойынша  келісім шарт орнатылып, фосфорлық кен өндіруді дайындап шығару мақсатында  технологиялық тәжірибелерді жүзеге асыру үшін конкурс ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, кешенді тыңайтқыштарды жобаландыру жұмысы жалғасып,фосфат дайындаудың  технологиялық сынақ жүргізу үрдісі  аяқталуға жақын.

2014 жылы кешенді тыңайту нысандарының құрылысы басталады.

Айта кетерлігі, жобаның жалпы құны 2 млрд долларды құрайды.

 

Барлық жаңалықтар