- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада кәсіптік мамандарды дайындау стратегиясы талқыланды (ФОТО)
Астанада кәсіптік мамандарды дайындау стратегиясы талқыланды (ФОТО)
Шара қатысушылары кәсіптік білім берудің өзекті мәселелерін талқылап, баяндамашылар педагог мамандарды дайындау, мамандардың кәсіптік құзіреттілігін қалыптастыруда ғылым мен білімді интеграциялаудың инновациялық моделі мен әдістемелік негіздеріне назар аударылды.
«Кәсіптік білім беру жүйесіне соңғы уақыттарда көп көңіл аударылуда. Қазіргі таңда жүйеде 849 колледж бар, онда 500 мыңнан астам адам білім алуда. Бұл 14-29 жас аралығындағы жастар мен жасөспірімдердің 17 пайызын құрайды. Қазір материалды-техникалық базаны қамтамасыз ету жүйесі жақсартылып, біліктілікті арттыру курстары өтуде. Онымен шектелмей жаңа колледждер де бой көтеріп, ал қолда бар колледждерге тиісті корпустар мен жатақханалар қосылуда», - дейді ҚР БҒМ Кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білім беруді жаңғырту департаменті директоры Сабыржан Мадеев.
Сонымен қатар, С.Мадеевтің айтуынша, кәсіптік білім беру жүйесінде білім берудің аталмыш бағытының имиджіне қатысты мәселелер әлі де болса күн тәртібінен түсер емес.
«Аталмыш салада тағы да бірсыпыра қиындықтар да жоқ емес. Біріншісі – колледждердің имиджі. Бізге әлі де болса 9-11 сынып бітірген ең әлсіз деген оқушылар келеді. Бұл жалпы білім беру жүйемізде айтарлықтай қиындықтар тудырады», - дейді С. Мадеев.
Сонымен қатар, департамент директорының айтуынша, кәсіптік білім беру жүйесін жаңғыртып, оны орта білім беретін мектептер мен гимназиялардан бастау керек.
Қазіргі кезде ғылым мен техниканың жетістіктерін, заманауи білім беру технологияларын кәсіби маман даярлау процесінде пайдалану маңызды екендігі айқын. Осыған орай кәсіби білімнің мақсаты, мазмұны және оны оқыту тәсілдері қайта қаралып, оқу жүйесін реттеу, жетілдіру, ұйымдастыру мәселелері зерттеліп, өз шешімін табуды қажет етеді.
Еліміздегі кәсіби білім берудің көп деңгейлі құрылымы және оның халықаралық білім беру жүйесіне жоспарлы интеграциялануы, оқу орнын қазіргі заманның талаптарына сай басқару мәселелері жаңа тәсілдерді де талап етеді.
Конференцияның мақсаты педагог кадрлар даярлау жүйесін жетілдіру, тәжірибе алмасу, жаңашылдыққа ұмтылудың жаңа мүмкіндіктерін ашуға ықпал ету болып табылады.
Индира Қауметова
Суретке түсірген Азамат Алиев
-
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Е.Салтыбаев: Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы - уақытылы жасалған қадам -
Жұмыспен қамту: ШОБ, агроөнеркәсіптік кешен және өңірлердегі бизнес -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
Елордада ЖОО-лардағы білім сапасын арттыру мәселесі талқыланды -
Сайлау-2021: Жас жұбайлардың, аттылардың сайлауға қатысуы желіде қызу талқыланды
-
Үкімет отырысында су ресурстарын тиімді пайдалану мен үнемдеу мәселесі талқыланды -
Астанада қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекова атындағы аллея ашылды -
Жоғары оқу орындарындағы білім сапасы талқыланды -
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа әдіс-тәсілдер талқыланды -
БҚО-дағы ауыл әйелдерінің форумы: Ауылда кәсіп ашудың мүмкіндіктері талқыланды -
Қоқысты сұрыптау мәдениетін қалыптастыру мәселесі талқыланды -
Қашықтан оқытудағы сын-қатерлер талқыланды