Тамыз айында қазақстандықтардың ақшалай табысы 2,1 пайызға өсті

16 Қазан, 2014 12:03
2014 жылғы тамызда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 62267 теңгені құрады, бұл 2013 жылғы тамызға қарағанда 9,3% жоғары, ал нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 2,1% өсті, деп хабарлады ұлттық экономика министрлігі.

2014 жылғы тамызда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 121763 теңгені құрап, 2013 жылғы тамызға қарағанда 10,7 % өсті. Нақты жалақы индексі 2013 жылғы тамызға 103,3% құрады.

 

Барлық жаңалықтар