- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО оқушыларына мамандық таңдауға жәрдемдеседі
ОҚО оқушыларына мамандық таңдауға жәрдемдеседі
«Кәсіби бағдар бөлмесі ОҚО кәсіпорындары және оқу орындары туралы қажет ақпаратпен жабдықталған (таратпа материалдар, брошюралар, стенділер, өнім үлгілері). Оқушылар онлайн тәртіпте кәсіптік диагностикадан өтіп, өзінің икемі мен қабілеттіліктері жайлы көбірек біле алады, осылайша, көңіліне жақын кәсіптер мен мамандықтар тізбесін анықтай алады», - деп хабарлады ҰКП.
Оқушылар қандай да бір мамандықтың мазмұны жайлы ақпарат алып қана қоймай, таңдаған қызмет саласына сәйкес өз қабілеттерін салыстыру мүмкіндігіне ие болды. Бұған Кәсіпкерлер палатасының Шымкенттің жетекші компаниялары - ОҚ ОТД - «Қазақтелеком» АҚ филиалы, «ҚазТрансГазАймақ» ОҚӨФ, «ВИЗиТ» АНЗ ЖШС арадағы ынтымақтастығының арқасында қол жетіп отыр. Бұл мекемелердің басшылары кәсіби бағдар бөлмесі ашылардың алдында өзара ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумдар жасақан болатын («НЗМ» ДББҰ, ОҚО Кәсіпкерлер палатасы, компания). Енді оқушылар осы кәсіпорындарға барып, технологиялық процестермен таныса алады, талап етілетін мамандықтар жайлы және компания қызметі туралы жан-жақты біле алады.
ОҚО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Мақсат Қасымбеков айтып кеткендей, жастарымыздың өз кәсібіне алдын-ала дайындалғаны өте маңызды.
Ұлттық палата мен «Назарбаев зияткерлік мектептері дәл осы мақсатта республикадағы мектептердің 16 филиалында мектеп бағдарламасына кәсіби бағдар жұмысы жөніндегі пәнді енгізу жайлы келіскен болатын.
-
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Қазақстанда қандай мамандықтарға сұраныс жоғары -
Кәсіптер атласы: Болашақтың мамандықтары қандай -
Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін онлайн мектеп: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
ИНФOГРАФИКА: Еңбек нарығында қандай мамандықтар сұранысқа ие -
Eңбек нарығында қандай мамандықтар сұранысқа ие -
Сұранысқа ие мамандықтар қандай -
Нұр-Сұлтан, Алматы және Талдоқорғаннан Үшаралға ұшып баруға болады -
Педагогикалық мамандықты таңдағандардың 70%-ы ҰБТ-дан төмен балл алғандар - А.Аймағамбетов -
Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы қандай нәтиже берді -
Еңбек нарығындағы сұранысқа ие 100 мамандық -
Қазақстандық ЖОО-ның мәртебесі жоғары ма? -
ҰБТ: мамандық пен оқу орнын таңдау ғана ма? -
Бақытжан Сағынтаев ОҚО-дағы бес әлеуметтік бастаманың жүзеге асырылу барысын тексерді -
Мәжіліс мінбері: Туристер мен көлік жүргізушілерін, мамандықты сақтандыру (ШОЛУ)