- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысында студенттік өзін-өзі басқару органының үйлестіру кеңесі құрылды
Ақмола облысында студенттік өзін-өзі басқару органының үйлестіру кеңесі құрылды
Шараға 150-ден астам адам қатысты. Олардың арасында ЖОО тәрбие жөніндегі проректорлары, облыстық техникалық және кәсіптік оқыту ұйымдары директорларының тәрбие ісі бойынша орынбасарлары, оқу орындарының жастар ісі комитеті жетекшілері мен облыстың қала мен аудандарының жастар ресурстық орталықтарының басшылары бар.
Хабарламада айтылғандай, форумда студенттік өзін-өзі басқару өкілдері арасында тәжірибе алмасып, студенттік ұйымдар байланыстарының дамуы мен нығаюы, облыстың оқу орындарында студенттік өзін-өзі басқаруды дамытудың тиімді моделін қалыптастыру мәселелері қаралды.
Форумда сөз алған облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нүркенов студент жастардың тұрмыстық, әлеуметтік-экономикалық, құқықтық мәселелерін шешу, жастар бастамасын қолдау саласындағы ынтымақтастықты орнату мен дамыту бойынша өзара келісе отырып жұмыс істеу үшін осындай шараларды өткізудің маңызы жоғары екенін атап өтті.
«Бүгінде студенттердің өзін-өзі басқаруы жастардың тек ұйымшылдықтарының ғана өлшемі емес, сонымен қатар ЖОО басқару жұмыстарында да студенттердің ат салысуының да бір көрінісі», - дейді әкім орынбасары.
Сонымен қатар, форум барысында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан жолы-2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын іске асыру мәселесі бойынша семинар-жиын ұйымдастырылды.
Форум делегаттары секцияларға қатысып, онда 2020 жылға дейінгі «Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын іске асыру, жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу, жастар арасында жемқорлыққа қарсы «нөлдік төзімділік» қалыптастыру, жастар бұзақылықтарының алдын алу мәселелері талқыланды.
Форум жұмысы қорытындысында студенттік өзін-өзі басқару органдарының облыстық үйлестірку кеңесі құрылатын болды. Оның мақсаты облыстық оқу орындарының жастар ісі комитетінің басын біріктіру, студентердің білім беру процестерін басқару, студенттер жастар өмірінің маңызды мәселелеріне қатысты шешімдер қабылдауға қатысу құқығын қамтамасыз ету болып табылады.
«Кеңестің алдағы уақыттағы жұмыс жоспары – студенттерді кәсіби бағыттау бойынша қолдау шараларын ұйымдастыру, түлектерді жұмыспен қамту, жатақханалардағы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту жұмыстары, дене шынықтыру және спортты дамыту мен студенттердің бос уақыттарын тиімді өткізу», - деп хабарлайды әкімдік.
Айта кету керек, бүгінгі таңда Ақмола облысындағы 4 ЖОО мен техникалық және кәсіптік білім берудің 37 ұйымында жастар ісі комитеті белсенді жұмыс жасауда.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару: Қазақстанда 7 449 жаңа басқару нысаны құрылды -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Президент тапсырмасы: Samruk Qyzmet рекрутингті онлайн платформасы құрылды -
Қаржы министрлігі: Бюджет шығыстары мен кірістері, мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік аудит -
Ұлттық компанияларда қоғамдық кеңестер құрылды -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Әкімдерді сайлау: «Бұл - жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамыту жолындағы заңды қадам»