- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның делегациясы Халықаралық көрмелер бюросы Атқарушы комитетінің жиналысына қатысты – СІМ
Қазақстанның делегациясы Халықаралық көрмелер бюросы Атқарушы комитетінің жиналысына қатысты – СІМ
Қазақстандық делегация «ЭКСПО-2017» дайындық жұмыстары бойынша ХКБ 155-ші Бас Ассамблеясындағы (11 маусым 2014 жыл) көрменің ресми танылған кезеңінен бастап атқарылған жұмыс туралы ақпарат берді.
««ЭКСПО-2017» Комиссары халықаралық қатысушыларды шақыру, оның ТМД елдеріне алғашқы сапарлары, көрме тақырыбын ірі халықаралық алаңдарда ілгерілетудегі ақпараттық-имидждік науқан туралы атқарылған жұмыс бойынша баяндама жасады. Сонымен қатар, Р.Жошыбаев Астанада 22-24 қазанда «ЭКСПО-2017» халықаралық қатысушыларының бірінші жиыны мен «Болашақ энергиясы» форумы өткізілетіндігі туралы хабарлады. Аталған шараларда шетелдік мемлекеттердің ЭКСПО-ға қатысуға жауапты мемлекеттік органдар басшылары мен баламалы және жаңартылмалы энергетика саласындағы сарапшылар қатысады», - делінген хабарламада.
Өз кезегінде, Т.Ермегияев көрменің мастер, контент және коммуникациялық жоспарларын таныстырды. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басшысы құрылыс жұмыстарының жағдайы мен компанияның алдағы жоспарлары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, ол көрменің барлық нысандары уақытылы салынатындығын және қазақстандық тараптың Көрмені сапалы дайындау мен өткізу бойынша тиісті шараларды жүргізіп жатқандығын атап өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша Атқарушы комитеттің басшылығы мен мүшелері «ЭКСПО-2017» көрмесінің дайындық деңгейіне оң бағасын берді.
Сонымен қатар, ХКБ мүшелерімен ұйымның Бас хатшысы Висенте Лоссерталестің ағымдағы жылдың 20-23 қазаны аралығында Қазақстанға сапарын ұйымдастыру бойынша келісімге қол жеткізілді.
«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі 3 айға – 2017 жылғы 10 маусымнан 10 қыркүйекке дейін созылады. Көрмеге 100-ден аса мемлекет, 10-нан аса халықаралық беделді ұйымдар мен инновациялық технологиялар саласындағы көшбасшы компаниялар қатысады деп күтілуде.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты