Президенттің Ұлытау баурайындағы сұхбатының басты негізі - халық бірлігі

15 Қазан, 2014 17:41
Н.Назарбаевтың Ұлытау баурайындағы сұхбатының басты негізі - Қазақстан халқының бірлігі. Бұл туралы «Ұлытау баурайындағы ой толғауы» атты ҚР Президенті Н.Назарбаевтың сұхбатына арналған дөңгелек үстелде Павлодар облысының ТЖ департаментінің бастығы, өртке қарсы қызметтің полковнигі Мылтыпай Айтжанов хабарлады.

«Мемлекет басшысының ой толғауы ешкімді бей-жай қалдырмады. Елбасының  Ұлытау баурайындағы сұхбатының басты негізі - Қазақстан халқының бірлігі», - деп атап өтті департамент бастығы.

ТЖ департаменінің бастығы Қазақстан Республикасы Президенті  Н.Назарбаевтың сұхбатындағы салаларды таныстырғаннан кейін, талқылауға көшті.

«Елбасының жауап берген бес сұрағы да қазақ даласының тарихымен өзара байланысты. Және әрқашан ол бізді өзіміздің түп тамырымызға қайта алып келеді. Ұлытау біздің тарихымызды бейнелейтін бірегей нысандардың бірі. Ол біздің мемлекетіміздің құрылуымен тікелей байланысты», - деп ағынан жарылды ТЖ ардагері Елеусіз  Құлақанов.

Барлық жаңалықтар