- Басты
- Жаңалықтар
- Биыл Астанадағы апатты деп танылған үйлерден 400-ден астам отбасы көшіріледі
Биыл Астанадағы апатты деп танылған үйлерден 400-ден астам отбасы көшіріледі
«2014 жылы Астанада апатты жағдайда тұрған 31 үйді бұзу жоспарланған. Бұл үйлердің тұрғындары - 463 отбасы Сығанақ көшесі ауданына көшіріледі», - деп хабарлады мәслихатта.
Қаланың аудандық әкімдіктері тұрғын үй қорына талдау жүргізіп, 1940-1970 жылдары салынған ескі үйлердің тізімін жасады. 228 үйдің инженерлік жүйелері мен негізгі құрылыс конструкциялары әбден тозған.
«Қазіргі кезде арнайы ұйымдар аталған үйлерде техникалық тексеру жүргізуде. Шығарылған техникалық қорытындылардың негізінде нысанда қалыптасқан жағдай жіті тексеріліп, объективті мәліметтер расталған жағдайда үйлер апатты деп танылады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес апатты жағдайда тұрған үйлердің иелері жаңадан салынған тұрғын үй кешендеріне көшіріледі. Бұл ретте берілетін аудан ескі үйдің ауданымен бірдей болады, яғни, ұсынылатын тұрғын үйдің шаршы метрі бұзылатын үйдің шаршы метрімен тең болады», - делінген хабарламада.
Ескі кварталдарды қалпына келтіру механизмі мемлекеттен тұрғын үй құрылысына бөлінген қаржыны қайтаруды қамтамасыз етуге, құрылыс индустриясын дамытуға, тұтастай, тұрғын үй құрылысын дамытуда қуатты мультипликативтік әсерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Осының барлығы халық үшін баспананың қолжетімділігін қамтамасыз етіп, қаланың сәулеттік келбетін жақсартады.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады