- Басты
- Жаңалықтар
- Ә. Мәтішев: Қазақстан әуежайларында шетелден келушілерге санитарлық-эпидемиалогиялық қадағалау күшейтілді
Ә. Мәтішев: Қазақстан әуежайларында шетелден келушілерге санитарлық-эпидемиалогиялық қадағалау күшейтілді
Әлиақпар Мәтішев Қазақстандық әуежайларда халықаралық рейстерді қарсы алатын бригада тәулік бойы кезекте тұратынын атап өтті. Қазақстанға шетелдерден келуші азаматтар сканерден өтеді.
«Адамға жай ғана арнайы аппарат «тепловизор» -дың қасынан өтсе де болады. Тексерілу азамттарға тез әрі білінбей өтеді. Эбола безгегіне сәл ғана сезік болған науқасты осы жерде ауруханаға жатқызады, - деп хабарлады Әлиақпар Мәтішев.
Қазақстан Республикасына Эбола қызбасының әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті мен ведомстволық бағынысты органдары және, ұйымдары, шекаралық және кедендік қызметтері, санитариялық-эпидемияға қарсы және профилактикалық шаралар кешенін қабылдауда, барлық мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау бойынша ұйымдастыру мәселелері пысықталды.
Батыс Африкада Эбола атқан оқтай таралып жатыр: Либерия, Сьерра-Леоне, Гвинея, Нигерия, Конго және Сенегала. Жұқтыру оқиғалары АҚШ, Испания, Норвегия, Австарлия, және басқада мемлекеттерде тіркелуде.
«Эбола қызбасы климаты ылғалды ыстық және осы инфекцияның табиғи резервуарлары мен транзиттік таратушылары – Қазақстан үшін эксзотикалық жануарлар жарғанаттар, маймылдар және басқалары бар нақты бір аумақтарға ғана тән эндемиялық инфекцияларға жатады. Өкінішке қарай, әлемде препараттар жоқ және де бұл ауруды емдеуді қиындатады, - деп хабарлады журналистерге ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарың қорғау Комитетінің төрағасы Әлиақпар Мәтішев.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша 2014 жылғы 5 қазандағы жағдай бойынша Африка елдері халықтарының арасында Эбола қызбасымен сырқаттанудың 8399 жағдайы тіркелген, оның ішінде 4033 өлім-жітіммен аяқталғанын хабарлайды.
«Қазақстан Республикасының аумағында контагиозды вирусты қызбаның әкелінуі мен таралуының алдын алу бойынша іс-шараларды күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2014 жылғы 28 тамыздағы № 18 қаулысы қабылданды, оған сәйкес Қазақстан Республикасына ауруды әкелуді болдырмау бойынша іс-шаралар жүзеге асырылуда.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы