- Басты
- Жаңалықтар
- «Жастар кадрлық резерві» жобасының 32 қатысушысы Мемлекеттік академия базасында білім алады
«Жастар кадрлық резерві» жобасының 32 қатысушысы Мемлекеттік академия базасында білім алады
«Жобаны жүзеге асыру жас мамандарға жаңа білім алу жолында кәсіби өсуі мен өзін-өзі жетілдіруге ұмтылуы үшін қажетті шарттарды жасауға итермелейді. Сондай-ақ, жобаның, озық білім беру технологиясына негізделген кадрлық резервтің тиімді жүйесін жасақтауға арналған мақсатты топ үшін зор пайдасы бар», - деп атап өтті шараның ашылу салтанатында «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархан Қуанғанов.
II –ші білім беру модульінен өткен 32 байқауға қатысушы ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік Академия базасында және «Нұр Отан» партиясының Саяси менеджмент мектебінде білім алады.
Ең мықты топ-менеджерлер, профессорлар және білікті жаттықтырушылар, мемлекеттік қызметкерлер, қоғамдық-саяси саланың өкілдері мен еліміздің табысты бизнесмендері оларды оқытады.
II –ші білім беру модульіне шақырылған спикерлердің құрамына ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Мейрам Бөгентаев, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев, Қоғамдық саясат институтының директоры Саясат Нұрбек енді.
«Жастар кадрлық резерві» жобасы талантты қатысушыларға өздерін танытуға мүмкіндік беру үшін әрекет етіп жатқан жақсы алаң болды деп ойлаймын,сонымен бірге ол сан-алуан салада тиімді жұмыс істеп жатқан, тұрғындардың әр түрлі тобынан шыққан жас мамандар үшін әлеуметтік лифт болып табылады», - дегенді айтып өтті «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Нұрлан Сыдықов.
Жобаға қатысушылардың бірі Еркебұлан Кенжеболатов Қазақстан жастар конгрессінде жұмыс істейді, онда ол өңірлердің жұмысына жетекшілік етеді. Оның айтуынша, «Жастар кадрлық резерві» жобасы – жастардың жетілуіне ықпал ететін нәтижелі білім беру алаңы.
«Жастар кадрлық резерві» сияқты жобалар жас мамандардың кәсіби икемділігін арттыруға мүмкіндік береді. Нақтырақ айтсақ, аталған білім беру модулі қатысушылардың бір-бірімен араласуына, мамандардың тәжірибелік кеңесі мен ұсыныстарын тыңдауға жағдай жасайды», - деді ол.
«Нұр Отан» партиясы тиімді және бүгінгі заманғы басқарушылардың тобын құруға бағытталған «Жастар кадрлық резерві» жобасын іске асыруда.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді