Жыл басынан бері Павлодар облысының бюджетіне 114 448,7 млн теңге түсті

15 Қазан, 2014 18:41
Өткен 9 ай ішінде өңір бюджетіне 114 448,7 млн теңге түскен. Бұл биылғы жылға межеленген жоспардың 101,2% (113 054,5 млн. тенге) құрайды, түсімдер болжамы 1 364,2 млн. теңгеге артық орындады, деп хабарлады облыс әкімдігі.

«Жұмыс берушілермен нақты еңбекақы жайлы жүргізген әңгімелесу нәтижесінде қосымша түсімдердің жалпы сомасы 87,0 млн. теңгені, ал эмиссиялық төлемдер бойынша қосымша түсімдер 23,8 млн. теңгені құрады. Сонымен қатар, өңірдің барлық қалалары мен аудандарында жылжымайтын мүлік нысандарын түгендеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы түсімдер сомасы 51,3 млн. теңгені құрап отыр», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Павлодар облысы аумағында басқа қаладан келген мердігерлерді есепке қою бойынша жұмыс қарқынды жалғасуда. Осы уақыт ішінде мемлекеттік сатып алулар мен инвестициялық бағдарламалар қатысушылары жергілікті бюджетке 1 159,1 млн. теңге төлеген, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 492,0 млн. теңгеге артық.

«Өткен 9 ай ішінде өңір бюджетіне 114 448,7 млн теңге түскен. Бұл биылғы жылға межеленген жоспардың 101,2% (113 054,5 млн. тенге) құрайды, түсімдер болжамы 1 364,2 млн. теңгеге артық орындалған. Павлодар ауданынан басқасы бюджет түсімдерінің жоспарын орындаған», - деді О.Шарипиденов.

 

Барлық жаңалықтар