• Басты
  • Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыруды енгізу жоспарлануда – ДСӘДМ

Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыруды енгізу жоспарлануда – ДСӘДМ

15 Қазан, 2014 16:13
Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыруды енгізу жоспарлануда. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде өткен Словак Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Юза Петер мырзамен кездесуінде ведомство басшысы Тамара Дүйсенова мәлімдеді.

Министр Т. Дүйсенова Словакиямен Қазақстанның зейнетақы жүйесінің ұқсастығын атап өтіп, Елшіге Қазақстанда (2017 жылдан) міндетті медициналық сақтандыруды және зейнетақы жүйесіндегі реформалардың, оның ішінде шартты – жинақтаушы компонентін (2018 жылдан жұмыс беруші 5% жарна) енгізілу жоспарланғаны туралы айтты.

Екі ел арасындағы өзара іс-әрекетті одан әрі дамыту мүмкіндігін талқылай келе, Т. Дүйсенова Елшіге Словак Республикасының  бизнес–қауымдастығын медициналық университеттердің жанында клиникалық базаларды құруға бағытталған мемлекеттік жекеменшік әріптестік (МЖӘ) жобаларына белсенді қатысуға ұсыныс жасады.

Өз елін ұсына отырып, Елші қазіргі кезде Словакияның 5,5 миллион азаматының ішінде 12% жұмыссыздар болып табылатыны айтты.  Словакияда көршілес Еуропа Одағы елдеріне еңбек миграциясының деңгейі едәуір жоғары. 

Өмір сүру деңгейінің (зейнетақының орташа көлемі 399 еуроны құрайды) және халықтың өмір сүру ұзақтығының жоғарылауына  байланысты зейнеткерлік жасының 67 дейін ұзарту жоспарланып отыр. Мемлекетте міндетті зейнеткерлік жинақтау жүйесі, сонымен қатар медициналық сақтандыру жүйесі жұмыс істейді.

«Бұл жерде инвесторлардың қатысуы үшін концессия келісімі арқылы әртүрлі мүмкіндіктердің барын министр атап өтті, соның бірі – инвесторлардың ары қарай мемлекет меншігіне беру үшін нысандарын жасағанда; екінші - инвестор мен мемлекеттік орган нысанды жасау және эскплуатацияға беру бойынша бірігіп жұмыс атқарғанда; үшінші – инвестор ары қарай сатып алу мүмкіндігімен, бар нысанды мемлекетке жалға берген кезде», - деді министр.

Бүгінгі күні ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен МЖӘ  тетіктерін қолданған іске асырылатын 23 нысанның (7 аурухана, 16 емхана) ішінен тізбе құрылған, соның ішінде республикалық маңызды 2 нысан - бұл Алматы және Қарағанды қалаларындағы медициналық университеттердің жанындағы 300 орынға арналған көпсалалы ауруханалар.

Барлық жаңалықтар