Қазақстанда 12,9 млн тонна астық бастырылды – ҚазАгро

15 Қазан, 2014 15:58
Қазіргі уақытта республиканың сегіз облысында жаңа егін жинау жүруде. Ағымдағы жылғы 29 қыркүйектегі жағдай бойынша ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерімен 11,1 млн га жинап, 12,9 млн. тонна астық бастырылды, деп хабарлады ҚазАгро.

Бүгінгі күні республикада жалпы 14,1 млн. тоннаға жуық сақтау сыйымдылықтарын құрайтын 214 АҚК жұмыс істейді. Бұдан басқа, АШТӨ-де 11,6 млн. тонна астықты сақтауға мүмкіндік беретін сақтау сыйымдылықтары бар. Осылайша, астық сақтауға арналған сыйымдылықтардың жалпы көлемі 25,7 млн. тонна құрайды.

«23 қыркүйектегі жағдай бойынша АҚК-ға сақтауға 1,7 млн. тонна астық келіп түсті. Сақтауға келіп түскен 1,5 млн. тонна астықтың ішінде сапасы бойынша 1-2-3 сыныптарға 1,3 млн тоннасы немесе 91,3%-ы, 4-5-сыныптарға - 75,6 мың тонна немесе 5%-ы сәйкес келеді, 55,1 мың тонна немесе 3,7%-ы сыныпсыз болып табылады», - делінген хабарламада.

  

Барлық жаңалықтар