- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы әкімі жазғы Азия ойындарының жеңімпаздарымен кездесті
Алматы әкімі жазғы Азия ойындарының жеңімпаздарымен кездесті
Қазақстан құрамасы 84 медальді, оның 28-і алтын жеңіп алды және Қытай, Оңтүстік Корея, Жапониядан кейінгі төртінші орынды иеленді. Марапаттар қоржынына мол үлес қосқан алматылық спортшылар болды, олар 19 алтын, 3 күміс, 23 қола иеленді.
Алматы әкімі Азия ойындары кезінде жеңіс тұғырына көтерілген спортшыларды құттықтап, марапаттың басым көпшілігі Алматы өкілдеріне тиесілі екендігін атады.
Мегаполисте спортты дамытуға үлкен мән берілетіндігі де сөз болды. Бұл саланың бюджеті 6,2 млрд. теңгені құрайды. Соның арқасында қалада спорттық инфрақұрылым барынша дамыған. Мегаполисте 1077 спорт нысаны бар, оның 14-і халықаралық стандартқа сай. 2017 жылы өтетін Универсиадаға қосымша жайылмалы катогы бар 12 мың және 13 мың орынды екі мұз аренасы, 5 мың орынды көпфункционалды атлеттер ауылы салынады. Қалада 224 спорт мектебі мен клубтар бар, оларда спорттың 69 түрі үйретіледі, оның 45 - Олимпиядалық сипатқа ие.
Қалада спорт инфрақұрылымымен қатар спортқа ден қоюшылар саны да артуда. Қазіргі кезде 375 мың алматылық спортты серік еткен.
Әкім Алматының халықаралық аренада спорттық деңгейінің жоғары екендігін жеткізді. Соңғы жылдары мегаполисте Әлем мен Азия чемпионаттары, Әлем Кубоктары, басқа да халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстар жиі өтуде. Мысалы, «Тур Алматы-2014» 1.1. категориясындағы веложарыстың өтуі соның айғағы.
«Алматыда 2017 жылы Бүкіләлемдік қысқы Универсиада өтеді, сонымен қатар біздің қала 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын қабылдауға да үміткер», - деді Ахметжан Есімов.
Таяу арада Алматыда бірқатар ірі халықаралық жарыс өтпек.
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
Алматының дамуы: Эпиджағдай, денсаулық, білім, тұрғын үй саласы және инвестиция -
Тәуелсіздкке 30 жыл: Орта Азия елдерінің театрлары өнер көрсетеді -
Жазғы демалыстағы балалар қауіпсіздігі: Шомылу, өрт қауіпсіздігі және жұмыспен қамту мәселелері