- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбенің 250 оқушысы «Жандану» эко-көпірін қолдайды
Ақтөбенің 250 оқушысы «Жандану» эко-көпірін қолдайды
«Эко-көпір Алматы қаласында бастау алып, жас қазақстандықтарды экологиялық мәселелерді шешуге, экологиялық сана мен мәдениетті құруда заманауи технологиялар мүмкіндіктерін қолдануға тартуды мақсат етеді. Жыл соңына дейін бастамаға елдің әр өңірінен 15 мыңға жуық студенттер мен оқушылар қосылмақ. Студенттер идеясын «Жер шары – сенің әлемің» эко-форумы жұмысына қатысқан Ақтөбенің 250 жоғары сынып оқушысы қолдап отыр», - делінген хабарламада.
Хабарламада айтылғандай, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде эко-көпірдің ашылуы «Жандану» жобасы аясында түсірілген «Жер мұрасы» деректі фильмін тамашалап, талқылай отырып «Ұрпақ жалғастығынан кейінгі жасыл өткел» дөңгелек үстелмен жалғасын тапты. Студенттер еліміздің «жасыл экономикаға» өту тұжырымдамасын іске асырудағы өздерінің қосар үлестерін айтты.
«Біз Мемлекет басшысының Қазақстанның тұрақты дамуына бағытталған барлық бастамаларын қолдаймыз. Бүгінгі таңда біздің міндетіміз барынша сапалы білім алып, алған білімімізді ертең тәжірибеде қолдану. Әрқайсымыз елдің экологиялық қауіпсіздігін сақтауда өзіндік үлес қосатын боламыз. Сол үшін бүгін мына бастамаларды жақсылап түсіну керек», - дейді жас көшбасшы Рахметолла Абен.
Естеріңізге сала кетейік, «Жандану» бағдарламасы 30 мыңнан астам жас қазақстандықтардың басын қосып отыр. Жоба аясында «Жер мұрасы» деректі фильмі түсіріліп, экология бойынша «Экология және тұрақты даму» оқулығы жазылды, «Экологиялық мәдениет» қосымша курсы да жұмыс істеп, түрлі шаралар қолға алынуда.
-
АҚШ Президент Қ. Тоқаевтың реформаларын қолдайды -
Диляра Қайдарова: Онкологиямен ауырған 2500 науқас коронавирус жұқтырды -
InfoKazakhstan е-платформасы қалай жұмыс істейді/ Бизнесіне тыйым салынған кәсіпкерлер үшін 42 500 төлене ме -
2,3 млн-нан астам азамат табысын жоғалтқаны үшін біржолғы төлем алды -
2 млн 250 мыңнан астам азамат карантин кезінде табысын жоғалтқаны үшін біржолғы төлем алды -
42500 тг: 1,6 млн-ға жуық қазақстандықтың шотына түсті -
Қазақстандықтар 42500 теңге біржолғы төлемін ала бастады -
42500 теңге 880 мың адамға тағайындалды -
42 500 теңге алуға өтініш қабылдау басталды -
42500 теңге алу реттілігі белгілі болды -
42500 теңгені шілдеде алу үшін өтінішті қайда жібереміз -
Үкіметте 42500 теңге қалай берілетінін айтты -
Н.Нығматулин: депутаттар ауылда интернеттің дамуын қолдайды -
Өтініштер қабылданбайды - министр 42500 теңге туралы -
Қазақстанда 4,1 миллионнан астам азаматқа 42500 тағайындалды