Тағдырдың жазуымен көпұлтты ел болдық – Оралбаев

15 Қазан, 2014 14:47
Ел Президентінің Ұлытау баурайында берген сұхбаты әлем мен ел ішіндегі қазіргі көкейкесті мәселелердің барлық қырын қамтыды. Оның ішінде руханият мәселелері айтылды. Н.Назарбаев үш тұғырлы тіл саясатын насихат етіп отыр. Өйткені біздің көпұлтты болуымыз тағдырдың жазуы еді. Бұл туралы Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Экономика және құқық институты магистранты Нұртуған Оралбаев мәлімдеді.

«Ұлытау тауларының Қазақстан тарихында алар орны ерекше. Бұл қазақ баласының қасиетті орны. Адам баласының алғаш ғарышқа аттанған Байқоңыр айлағы да бұл жерден қашық емес. Сонымен қатар, Ұлытау төңірегінде Шыңғыс ханның ұлы Жошы хан мен өзге де хандар мен билердің сүйегі қойылған. Осы жерде қазақ тарихындағы айтулы оқиғалар өтіп, мемлекеттік деңгейдегі маңызды мәселелер қаралған», - дейді Оралбаев.

Оның айтуынша, Ұлытау баурайында Мемлекет басшысы тек философиялық мәселелер төңірегінде толғанып қоймай, сонымен қатар саяси-экономикалық түйіткілдер туралы да аталы ойларын айтты. Елбасы Қазақстанның көпұлтты ел болып қалыптасуы тағдырдың жазуы екенін айтып, қазіргі  таңда үш тұғырлы тіл саясатын ұстану керектігін мәлімдеді.

 «Үш тілді қатар меңгерсек еш ұтылмайтынымыз анық. Қазақ тілін өзіміздің ана тіл ретінде еркін меңгеріп, орыс тілін көршілес елдермен араласу құралы ретінде үйренуіміз керек. Ал ғылыми жетістіктер мен технологияға ілесе алу үшін ағылшын тілін меңгеру қажет. Егер тек ана тілімізбен шектеліп қалсақ, онда өркениет көшінен кенже қалатынымыз анық», - дейді ол.

Барлық жаңалықтар