- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысында 750 мүгедек жұмысқа орналастырылды
Ақмола облысында 750 мүгедек жұмысқа орналастырылды
««Кедергісіз келешек» жобасы - партия жанында жұмыс істеп жатқан маңызды жобалардың бірі, ол біздің елімізді барлығына бірдей тең құқықтық және мүмкіндігі зор мемлекет етуге септігін тигізуде», - деп атап өтті партияның Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов.
Басқармадан хабарлағандай, бүгінде өңірде психологиялық-медициналық-педагогикалық қабылдаудың есебінде 5074 мүмкіндігі шектеулі балалар және 2326 - жарымжан бала тіркелген. Барлық мектеп жасындағы балалардың 385-і арнайы білім ошағында, 2486 - жалпы білім беру мекемесінде, 32 - колледжде білім алуда және тағы 11-і арнайы көмек бағдарламалар бойынша курстардан өтті.
Өткен жылы мектептердің 10% инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаса, балалардың 26,7% инклюзивті біліммен қамтылды. 2014-2018 жылдар аралығында кезең-кезеңімен облыстың аудан орталықтарында психологиялық-медициналық-педагогикалық түзеу сыныптарын ашу жоспарлануда.
Облыстық №1 мектеп интернатының директоры Аян Касенова арнайы мектептерде оқу-өндірістік шеберханаларды ашуды ұсынды.
Оның айтуынша, мұндай шеберханаларды ашу мүгедек жандарды жұмысқа орналастыру және оларды еңбекке баулу мәселесін біршама шешуге септігін тигізер еді. Бүгінде «Биг-бэг» сынды контейнерлер мен полипропилен қапшықтарын шығаратын отандық өндіріс ошағы - «Новопэк» ЖШС арнайы өндіріс желісін іске қосуға әзір. Егер ілкімді іс іркілмей іске асса 25 жаңа жұмыс орны ашылады, ал әзірге оқытылған мамандар саны жеткіліксіз.
«Кездесу қорытындысы бойынша партияның облыстық филиалы мен аймақтың мүгедектер бірлестігі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға отырды. Сондай-ақ, «Кедергісіз келешек» жобасын жүзеге асыруға белсенді атсалысып жүрген ақмолылықтарға алғыс хаттар берілді және партия билеттері табысталды», - делінген хабарламада.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
БҒМ: Мектепке жұмысқа тұру тәртібі, тестілеуді электронды форматқа көшіру және дипломды цифрландыру -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті