- Басты
- Жаңалықтар
- ЕО-мен жаңа келісім – барлық саладағы ынтымақтастықты жаңа сапалы деңгейге шығару мүмкіндігі -Е. Ыдырысов
ЕО-мен жаңа келісім – барлық саладағы ынтымақтастықты жаңа сапалы деңгейге шығару мүмкіндігі -Е. Ыдырысов
Ведомтсвода хабарлағандай, келіссөздер барысында сұхбаттасушылар екі жақты ынтымақтастық мәселелерінің жағдайы мен болашағын, оның ішінде экономика, энергетика, қауіпсіздік және ЕО шектеу тізімінен қазақстандық әуе компанияларды шығару мәселелері, сондай-ақ, халықаралық күн тәртібінің өзекті сұрақтары бойынша, оның ішінде, Орталық Азия – Еуропалық Одақ форматындағы ынтымақстастық бойынша, пікір алмасты.
Келіссөздердің басты тақырыбы Мемлекет басшысының осы жылғы 8-9 қазан күндері Брюссельге сапарының нәтижелері болды. Сапар барысында ҚР мен ЕО арасындағы жаңа кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық жөніндегі Келісім бойынша келіссөздердің сәтті аяқталуы және тараптар арасында Қазастанның ДСҰ-ға кіру туралы келіссөздердің аяқталуы туралы саяси мәлімдемелерге қол қойылды.
«ЕО-мен жаңа Келісім - бұл барлық салалардағы ынтымақтастығымызды жаңа сапалы деңгейге шығаруға мүмкіндік болып табылады. Сондықтан біз осы барлық әлеуетті жүзеге асыруға мүдделіміз, оның ішінде инновациялар, технологиялар, және визалық ынтымақтастық салада секторалды келісімдерге қол қоюға мүдделіміз», - деп атап өтті Е. Ыдырысов.
ҚР мен ЕО азаматтарының өзара сапарлар санының артуын атай отырып, тараптар визалық режимді жеңілдету болашағын талқыға салды. Бұл өз кезегінде Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық диалогтың артуы мен тереңдей түсуіне жол ашады.
ОА-ЕО ынтымақтастығын алға тарта отырып, Министр ЕО-ның Орталық Азиядағы Стратегиясының сәтті түрде жүзеге асуына мүдделі екенін атап өтті. «Стратегия тек еуропалық қоғамның мүдделеріне ғана жауап бермеуі керек, сонымен қатар аймақтық қауіп-қатерлерді ескере отырып, біздің өңір елдерінің орта және ұзақ мерзімді қажеттіліктеріне жауап беруі керек Осы орайда ОЕ-ның ОА-ЕО қауіпсіздік мәселелері бойынша жоғары деңгейлі Диалогты өткізі туралы бастамысын жоғар бағалайды және қолдайды. Қазақстан осы саланы дамыту үшін көмекті оған тиісті деңгейде қатысу арқылы ары қарай көрсетуге дайын», - деп тәмәмдады ол.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда